Басқарма басшысы арнайы кітапхананың жұмысымен танысты

0 35

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының м.а. Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасына келіп, жұмысымен танысты.
Басқарма басшысын кітапхана директоры Ж.Алшинбаева қарсы алып, кітапхана бөлімдерімен таныстырып, атқарылған жұмыстардың бағыттарына тоқталды.
Ерлан Нұрманұлы Брайль қарпінде кітап шығарушы Ербол Бегимовтың жұмыс жасау процесін, жарыққа шыққан кітаптарды көріп.
Сонымен бірге, зағип оқырмандарға арналған «Брайль» және «Брайль және компьютер» үйірмелерінің жұмыс жоспарымен, «Оқитын кітап» аппаратымен танысты.
Ұжыммен жиналыс өткізіп, кітапхананың жобаларына қолдау білдіріп, материалдық-техникалық базаға көңіл аударатынын айтты.
Кітапхана ұжымы Ерлан Нұрманұлының жұмысына сәттілік тілеп, рахметін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.