Диагноз

Басты байлық – ұлт саулығы

Written by Aray2005

Мектеп олимпиадаларын және мектептен іс-шараларды өткізетін «Жамбыл дарыны» орталығында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын іске асыру аясында облыстың жалпы білім беру мектептеріне арналған оқыту семинары өтті. 

Шараға Тараз қаласының қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсесі, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, облыс әкімдігінің білім, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты.

Бұл жобаны енгізудегі мақсат– еліміздегі мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасында аурулардың алдын алуға және денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер құру болып табылады.

Бүгінгі күні облыс бойынша 45 мектепте аталмыш жоба енгізіліп, аурудың алдын алу шаралары мен денсаулықты нығайту бағыттарында жұмыстар жасалуда.

Шара барысында білім мекемелеріндегі денсаулықты нығайтуға жалпы мектептік тәсіл ұстанымдары көрсетіліп, «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» ұлттық зерттеулерінің нәтижелері ұсынылды. Қатысушылар жобаны енгізудің негізгі кезеңдерін талқылап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшысының әдістері жан-жақты  таныстырылды.

ПІКІР