Қоғам

Басты міндет – мінсіз қызмет

Written by Aray2005

«Nur Otan» партиясының 2016-2020 жылдарға арналған «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссия Тараз қаласындағы цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін қызметтердің барысымен танысты.

Аталған комиссияның төрағасы Абай Нұржанов бастаған топ мүшелеріне орталық жұмысын бөлім басшысы Шалқар Елемес таныстырды. Ол орталықта мемлекеттік қызметтер толықтай автоматты түрде ұсынылатынын айтты. Яғни бұл процеске операторлар қатыспайды екен. Мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа нұсқасы – цифрлық ХҚО-да азаматтар қоғамдық қолжетімділік орындары, «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы электрондық өтініштер бере алады. Бұл өз кезегінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жұмысын әдеуір жеңілдеткен. Тағы бір айта кетерлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалының аймақ тұрғындарына көрсетіп жатқан қызметтерінің тең жартысы электронды форматта екен.
Топ мүшелері орталықта көрсетіліп жатқан қызмет түрлеріне тиісті мониторинг жасауды және халыққа электронды түрде көрсетілетін қызмет түрлерін БАҚ арқылы кеңінен насихаттау керектігі жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

ПІКІР