Қоғам

Басты міндет – жемқорлықтың жолын кесу

Written by Aray2005

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінде сот корпусының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда негізінен жең ұшынан жалғасатын сыбайластықпен күресудіің тиімді тәсілдері сөз болды.

Жиынды жүргізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Арман Рахимов:

–Қазақстан республикасының кейбір нормативтік актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қабылданған шаралардың негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды нығайту және құқық қорғау қызметін ізгілендіру. Ағымдағы жылы 28 ақпанда Қазақстан республикасы жоғары соттың алаңында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде сыйбайлас жемқорлық істері бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Нақтырақ айтсақ, сот тәжірибесіне дәлелдерді бағалауға, әрекетті саралауға, залалды белгілеуге қатысты тақырыптар терең қозғалған еді. Осыған орай, аталған мәселелер мәнінде әр өңірде кезедесулер өткізудің маңыздылығы туындағандықтан, бүгін облысымыздағы құқық қорғау саласының қызметкерлерімен кездесіп отырмыз, -деді алғы сөзінде.

Кездесуге қатысушылар қозғалған тақырыптарға байланысты сауалдарын қойып, өзара ойларын ортаға салды.

Қ.Рахметуллина

ПІКІР