Батыр Жүкембаев әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін

0 2

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге жақындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Primerahora.com мәліметінше, Жүкембаевтың келесі қарсыласы пуэрторикалық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) болауы мүмкін. Жекпе-жек мамырға жоспарланған.

Жүкембаев – Матиас жекпе-жегінің жеңімпазы IBF рейтингінде екінші орынға көтеріліп, Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) – Йеремиас Понсе (27-0, 17 КО) кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасуға мүмкіндік алады. Жеңімпаздар арасындағы жекпе-жекте жеңген боксшы бірінші жартылай орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына міндетті үміткер атанады.

Жүкембаев рингке соңғы рет биыл қаңтарда шығып, Монреальда мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутпен жеңген болатын. Бұл кездесуде ол бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдарын қорғаған еді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.