«Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін»

0 24

Тимур Құлыбаев, Қайрат Боранбаев және Кеңес Рақышев сынды елімізге танымал кәсіпкер-меценаттар жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік жиынтығын сатып алу үшін «Халық» қайырымдылық қорына қаржы бөлді. Бұл игілікті істен жамбылдық отбасылар да шет қалған жоқ.

Қаржылай көмектің операторы ретінде таңдалған «Халық» қайырымдылық қорының өкілдері Тараз қаласында да азық-түлік салынған қораптарды әзірлеп, жергілікті әкімдіктер берген тізім бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне жеткізіп берді. Облыс әкімі баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, мұндай азық-түлік себеті Тараз қаласы мен бірқатар аудандардан анықталған 1500-ге жуық отбасыға берілмек. Азық-түлік жиынтығына күріш (10 кг), қант (10 кг), макарон өнімдері (10 кг), ұн (10 кг), май (5 кг), шай (2 кг), тәттілер (2 кг) балық консервісі және сгущенка кіреді.
Бұл көмек елдегі төтенше жағдай режимінің енгізілуі мен карантин шаралары салдарынан қиын жағдайға тап болған тұрғындарға бағытталған.

Жасұлан Сейілханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.