Белгілі баскетболшы қаза тапқан тікұшақ апатының себебі белгілі болды

0 4

АҚШ Көліктегі қауіпсіздік ұлттық кеңесі Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) бес дүркін чемпионы Коби Брайант мінген тікұшақ апатының себебін айтты.

Басылым мәліметінше, тікұшақты тізгіндеген Ара Зобаян бұлттарға қарай ұшқаны үшін бағыт жоғалтқан. Ал бұлт арасында ұшу мемлекеттік қауіпсіздік стандартын бұзу болып саналады.

Мамандардың айтуынша, Зобаян визуалдық ұшу ережесі бойынша ұшқан, бұл пилот тікұшақ қозғалысы бағытын көруі керек еді деген сөз. Оңтүстік Калифорнияда жарға соғылу алдында пилот диспетчерлерге биікке көтерілетінін айтқан, алайда ол биіктік жоғалтқан.

Тікұшақта техникалық ақау болмағаны айтылады. Пилот алкоголь де ішпеген, есірткі де қолданбаған.

Қайғылы оқиға былтыр 26 қаңтарда Калифорнияда болған, одан Брайант пен оның қызы Джанна, сонымен қатар тағы жеті адам қаза болды.

Коби Брайант 2016 жылы карьерасын аяқтаған. Ол «Лос-Анджелес Лейкерс» командасы сапында 20 маусым бойында ойнап, бес дүркін чемпион атанған, 18 рет Жұлдыздар кездесуіне қатысқан, уақытша чемпионаттың ең құнды ойыншысы болған және екі рет плей-офф сериясы финалының ең құнды ойыншысы атанған. АҚШ ұлттық құрамасы сапында ол 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан және Америка-2007 чемпионатында жеңген.

НБА тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде Брайант 33 643 ұпаймен үшінші орында болған. Кейін бұл рекордын Леброн Джеймс жаңартты.

Daily Mail

Leave A Reply

Your email address will not be published.