Жастар.kz

Белсенділік биікке бастайды

Written by Aray2005

Қазіргі уақытта елімізде жас­тар белсенділігі күшейіп келеді. Осы ретте халық ара­сын­да зор се­нім­ге ие, жұмыс­шылардың әлеу­­мет­тік-эконо­ми­калық, ең­бек құқық­тары мен заңды кә­сі­би мүд­делерінің тиімді қор­ға­луын қам­тамасыз етуші қуатты ұйым – кәсіп­одақ болса, сол ұйым­ға же­тек­­шілік етіп отырған жас­тың бірі – Жамбыл атындағы гим­на­зия­­ның бастауыш кәсіподақ ұйы­мының төрайымы Индира Диханбаева.

Өткен есептік жиында Жамбыл атындағы гимназияның бас­­тауыш кәсіподақ ұйымының құра­мы ауы­сып, былтырғы жыл­дың жел­тоқ­­сан айы­нан бастап Индира Диханбаева төр­айым болып сайланды. Жас та бол­са бойын­­да­ғы жауап­кер­шілік қа­сие­ті, жаңашылдығы, ұйым­дас­ты­ру қабілеті, онымен қоса бір бойы­на жетерлік өнері талайды таңдай қаққызбай қоймайтын Индира аудан бойынша білім беру саласының ең жас кәсіподақ көшбас­шысы.
Ол қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулып, олим­пиа­да, түрлі байқаулар жеңім­паз­дарын дайындаудың шебері. Ал кәсіподақ ұйымының төрайымы ретінде кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғауды нығайту, ынталандыру жұмыстары, әлеуметтік әріптестік, педагог қызметкерлер мен отбасы мүшелерін сауықтыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қайырымдылық шаралары, ұжым­дық келісімшарт жасасу, мара­пат­тау және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мәсе­ле­ле­рі­не жан-жақты көңіл бөліп жүр.
Кәсіподақ ұйымының демеу­ші­лі­гімен мемлекеттік және кәсіптік мерекелерде ардагер ұстаздармен кездесулер өтіп, оларға сый-құр­мет көрсетіледі. Индира Диханбаева­ның баста­ма­сымен кәсіп­одақ мүшесі болып табылатын мерей­той иелерін салтанатты түрде құт­тық­тау дәстүрге айналды. Кәсіп­одақ ұйымы қызметкерлердің тыны­ғуына, дема­лы­сы мен бос уақы­тын қызықты өткізуіне, руха­ни дамуына ерекше назар ауда­ра­ды. Осы ретте «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты фестиваль, дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында велошерулер, спартакиадалар, турнирлер тұрақты өткізіледі.
Кәсіподақ мүшелерін сауық­тыру – ең басты орынға қойылған. Жылма-жыл отандық «Сарыағаш», «Манкент», «Меркі», «Ақниет», ГРЭС шипажайлары мен көршілес қырғыз еліндегі Ыстықкөл жаға­лауы­на жолда­ма­лар кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелеріне беріліп отырады. «Киелі Түркістанға саяхат», «Нұр-Сұлтан – Бурабай» туристік маршрут­­тары бойынша ұжымдық тарихи-та­ным­дық саяхаттарға да кәсіп­одақ мүшелері жылда барып жүр.
Индира қайырымдылық іс-ша­ра­ларды да назардан тыс қал­дыр­майды. «Қарттарым – асыл қазы­нам» демекші, жоғары сы­нып оқушыларымен бірігіп, мүм­кін­дігі шектеулі және көмекке мұқ­таж қарттарға қайырымдылық шара­ла­рын ұйымдастырып отырады.
Алаш қайраткері Міржақып Дулатов «Алыстан алаш десе, атта­на­мын, қазақпын, қазақ десе мақта­намын» деп айтқанындай, Индира сияқты алғыр жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұр­ған­да өскелең ұрпақпен әрқа­шан­ мақтанамыз. Осындай жас­тар­дың қызметте, қоғамда белсенді болуы мемлекетіміздің жастарға деген айрықша қол­да­уы­ның нәтижесі деп білемін.

Зухра ДЖУМАГАЗИЕВА,
Жамбыл атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Шу ауданы

ПІКІР