«Берекелі дастарқан»

0 5

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы және ҚХА этномәдени бірлестік өкілдерінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Берекелі дастарқан» атты ауызашар қоржындары таратылды.

Сауапты іске облыстық ҚХА мүшесі, облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының өкілі Руслан Исмазов, ҚХА және «Nur Otan» партиясының мүшесі, «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Махусеев, облыстық гректер қауымдастығының төрағасы, облыстық ҚХА мүшесі Георгий Буюкиди, облыстық «Өзбек» этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов, облыстық «Тәжік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алижон Мулладжанов, облыстық «Радонеж орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Сорокин демеушілік жасады.
Акцияға облыстың ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен облыстық жастар ұйымдары атсалысты.
Шара барысында «Төрткүл» керуен сарайында ыстық тағам әзірленіп, Тараз қаласындағы аз қамтылған көпбалалы отбасыларға және қала тұрғындарына ауызашарға арналған тағамдар үлестірілді.

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.