Берері мол шеберлік сабағы

0 160

«Art VikaSo» балалар студиясы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Анамның аяулы алақаны!» атты шеберлік сабағын өткізді. «Анамның аяулы алақаны!» атауымен ұйымдастырылған көрмені қала тұрғындары облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Көркемсурет» галереясында тамашалады.

Іс-шараның басты мақсаты – бейнелеуөнері арқылы кішкентай бүлдіршіндердің анаға деген құрметін, сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Жалпы шара әйел адамдарын құрметтеп, сыйлай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеті мен талабын ұштау, дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеуді көздейтінін айта кету керек.

Сонымен қатар, шеберлік сабағында балалар акварель бояуымен хат жазуды үйреніп қана қоймай, әртүрлі түстерді араластырып, соны қолдану техникасымен танысты. Олар бірнеше сағаттың ішінде өз қолымен жасаған туындыларымен ардақты да, аяулы аналарын құттықтап қуанта алады. Аталмыш іс-шараға 8 бен 15 жас аралығындағы он жас суретші қатысты.

Виктория КУЗЬМИНА,

жоба жетекшісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.