Бес қабатты ғимарат құлап, үш адам қаза тапты

0 2

Шымкентте «Ордабасы» индустриалды аймағында бес қабатты ғимарат құлады, үш адам қаза тапты.
Апат туралы төтенше жағдайлар департаментіне сенбі, 13 ақпанда хабарланды. Еңбекші ауданындағы Қапал батыр автожолының бойында орналасқан «Ордабасы» индустриалды аймағында ғимараттың төбе құлап түсті, деп жазады «Отырар» басылымы.

Бес қабатты ғимаратта бесінші қабаттың темір бетон плиталарының 625 шаршы метрі құлады. Ғимарат жұмысқа жарамсыз, жалпы ауданы екі мың шаршы метр.
Оқиға орнына жедел құтқару отрядының құтқарушылары, апаттар медицинасы орталығының бригадасы және кинологиялық экипаж тартылды. Кинологтае үйінділердің астынан 1967, 1992 және 1999 жылы туылған үш ер адамның денесін тапты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың бірі күзетші болып жұмыс істесе, қалғандары иесіз дүкеннің металл құрылымдарын бөлшектеумен айналысқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.