Бесағаштықтар израильдік суару жүйесін енгізуде

0 1

Бүгінде тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған пилоттық жобаЖамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округінің тұрғындарына жаңа мүмкіндіктер беруде. Себебі,қанатқақты жоба арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, мал шаруашылығын дамытумен үй іргесіндегі жерлерінен мол өнім алуды көздеген ауыл тұрғындары бұл жұмыстарғабілек сыбана кіріскен.

Жалпы Бесағаш ауылдық округінде 1176 аула болса, үй іргесіндегі жерлерді пайдалану бағыты бойынша 1117 аула қамтылған. Бүгінгі күні осы аулалардың иелігіндегі 155 гектар жер жыртылып, 747 ауланың 20 гектарына пияз, 7 гектарына картоп, 6 гектарына жүгері, 1,15 гектарына сарымсақ (34,2 га) егілген. Сондай-ақ ауылдық округте жалпы құны 16,8 миллион теңгені құрайтын, аумағы 17,6 сотық 2 жылыжайдың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бесағаш ауылының тұрғыны Саят Ғарифуллаев үй іргесіндегі 6 сотыққа егілген картоп дақылына израильдік ұзақ мерзімді ирригациялық суландыру жүйесін енгізіп, заманауи технологияның игілігінен мол өнім алуды жоспарлап отыр. Израиль мемлекеті қолданысқа енгізген суару жүйесінің жалпы құны 10 сотық жерге 177 400 теңгені (400 АҚШ доллары) құрайды. Бұл құрылғыны 5 жылға дейін пайдалануға болады екен.

Бесағашта жобаның екінші бағыты мал шаруашылығын дамыту бойынша да қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен 275 тұрғынға 4752 бас мал сатып алу үшін 860,1 миллион теңге несие берілсе, 246 тұрғын 712,3 миллион теңгеге 4483 бас мал (543 бас МІҚ, 1155 бас жылқы, 1385 бас ұсақ мал, 1400 бас құс) сатып алып, мал шаруашылығын дамытуға өз үлестерін қосуда.

Сонымен қатар ауыл сыртындағы жерлерді тиімді пайдалану бағытында 1335 гектар жер толық жыртылып, 1067 гектарға дәнді масақты дақылдар мен көпжылдық шөп егілген.

Үй іргесі мен ауыл сыртындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатындағы жұмыстарды жүргізу үшін ауылдық округте «Іске сәт» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, оған 13,3 миллион теңге қаржы аударылған. Сондай-ақ жобаның төртінші бағыты бойынша 100,7 миллион теңгеге 22 дана әртүрлі ауыл шаруашылығы техникасы алынған. Ал жобаның бесінші бағыты бойынша ауыл тұрғынының кондитерлік цех ашу жобасы 1,9 миллион теңгеге қаржыландырылып отыр.

Тұңғыш ЖАНҰЗАҚОВ,

облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы

Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.