Бетперде тақпаған қызды ұрып тастады

0 8

     Нұр-Сұлтан қаласында бетперде кимеген қызды лифтіде сабап тастады. Әлеуметтік желіде желдей ескен видеода екі бетперде киген қыз үшінші қызды төмпештеп ұрып жатқанын көруге болады. Бастапқыда бұл бұзақылардың ісі деп ойлаған жұрт, кейіннен шындықты естіп жаға ұстады.

      Негізі лифтіге үш қыз кірген. Біреуі бетперде тақпай тұрғандықтан екеуі маска кию қажеттігін ескертіп, соңы төбелеске ұласқан.

«Лифтіде екі белгісіз әйел маған «маскасыз»  екенімді айтып шабуыл жасады. Мен олармен сөзге келіп қалмау үшін маскамды алдым. Бірақ бұл оларға жеткіліксіз болды. Жасы үлкенірек әйел бірінші бетімнен ұрды, мен оны итеріп жібермек болдым, сөйтіп олар маған жабылып, бейәдеп сөздер айтып, шашымнан ұстап алды. Олар мойнымнан, басымнан ұрып, шашымды жұлды, есімнен танып қала жаздадым. Тоғызыншы қабатқа дейін қуалап жүріп сабады.  Тұрғындарды көмекке шақыру арқылы жаным аман қалды», – дейді жәбірленуші.

Leave A Reply

Your email address will not be published.