«Бейбітшілік пен келісім» жобасы бастау алады

0 0

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жаңа жобасының жүзеге асыру барысы талқыланды. Аталған жобаның мақсаты – қоғамдық-саяси ахуалды мониторингілеу, жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелерді анықтау және шешу болып табылады.

– Қордай ауданында орын алған оқиға жергілікті тұрғындардың арасында бірқатар мәселелердің бар екендігін көрсетіп берді. Алдағы уақытта осындай жағдайлардың орын алмауы үшін алдын алу жұмыстарын күшейту, барлық тиісті шараларды қабылдау керек. Жергілікті халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігін және оларды қандай мәселелер толғандыратынын зерделеп отыру қажет, – деп атап өтті өңір басшысы.

Жоба аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік мәселелер мен ауыл шаруашылығы мәселелерін, діни аспектілер мен қауіпсіздікті зерделеу секілді бағыттары бойынша бес жұмыс тобы құрылды.
Әрбір жұмыс тобының тізімдері бекітіліп, оған тиісті ведомстволардың бірінші басшылары мен сала мамандары енді. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға әр елді мекеннің ең ауқымды мәселелерін зерттеп, жергілікті тұрғындарды толғандырып, алаңдататын мәселелерді анықтауды тапсырды.
Айта кету керек, жұмыс тобының ең алғашқы сапары Қордай ауданына жоспарланып отыр. Бұл тұрғыдағы жұмыстар облыстың барлық аудандарында жалғасын табатын болады.
Аудандардағы тиісті ахуалды зерделеу қорытындыларына сәйкес нақты ұсыныстар әзірленбек. Мұндағы басты мақсат тек облыс аумағымен бірге республика бойынша алдын алу шараларын әзірлеу және қабылдау болып табылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.