Бидің сәнін келтіріп…

0 0

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіндегі «Jas Otan» жастар қанаты белсенділерінің ұйымдастыруымен «MART» сауда орталығында «Bı Star – 2020» байқауы өтті.

Екі кезеңнен тұрған би сынына қаладағы барлық оқу орнынан 200-ге жуық биші қатысып, бақ сынасты. Қатысушылар алғашқы кезеңде хип-хоп жанрында өнер көрсетсе, келесі кезеңде бір-бірімен жеке батлға түсті. Сайысқа «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек, облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Арайлым Әбдуалиева, хореограф Айнұр Баймаханбетова қазылық етіп, қатысушыларды орындаушылық шеберлігі, сахналық бейнені сомдауы, композициялық шешімі, музыкалық сүйемелдеудің ұтымды таңдалуы, әртістік қабілеті мен сыртқы пішіннің би мәнеріне сәйкес келуі сынды талаптар бойынша бағалады.
Фестиваль қорытындысы бойынша жүлделі І орынды «The Bronx dance» командасы иеленді. Ал «Раун» тобы ІІ орынды місе тұтса, ІІІ орын «Ақкербез» би тобына бұйырды. Барлық қатысушылар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.