Білім алуға қаражатты қалайша жинап, сақтандыру қорғауын алуға болады?

0 0

Өмірді жинақтаушы сақтандыру  – бұл банк депозиттеріне  балама  құрал, оны азаматтар өздерінің өмірлік жоспарларын іске асыру, ірі көлемде сатып алулар жасау және жинақтарын арттыра түсетін қаражат жинау үшін пайдаланады. Жинақтаушы сақтандырудың артықшылығы — сақтандыру қорғауда бола тұрып, ақша жинау мүмкіндігіне ие болу.

Азаматтардың әл-ауқатының өсуімен қатар жинақтаушы сақтандыру өнімдеріне деген сұраныс та өсуде. Жинақталған қаражаттың маңыздылығын түсіне келе, қаржылық сауатты азамат олардың сақталуы мен одан әрі арта түсуін қамтамасыз етіп қоймай, өз инвестицияларынан айырылу тәуекелін барынша азайтуға тырысады. Әрине, әркімнің қаражат жинау мақсаты инвестициялық болашағы сияқты әртүрлі болатыны сөзсіз. Әлемде қаражатты ұзақ мерзімді перспективаға, мәселен, баланың біліміне, біліктілікті арттыруға, жылжымайтын мүлік сатып алуға және тағы да көптеген мақсаттарға жинауға мүмкіндік беретін жинақтаушы сақтандыру өнімдері үлкен сұранысқа ие.

Қазақстанның сақтандыру нарығының да жинақтаушы сақтандыру өнімдерін енгізу және дамытудағы  әлеуеті зор.

Соңғы 4 жыл ішінде «өмірді сақтандыру» сыныбы сақтандыру сыйлықақыларының айтарлықтай өсуін көрсетіп отыр:

 —— өмірді сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары, млн теңге

—— өсу, %

Өмірді сақтандырудың жинақтау өнімдері инвесторлар мен тұтынушылар үшін неғұрлым тартымды болып келеді, соңғы жыл ішінде жасалған жинақтау сақтандыру шарттарының саны  4 есе көбейді.

2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жұмыс істейді, оның көмегімен Қазақстанның кез келген азаматы Қазақстанда, сонымен қатар шетелде ақылы кәсіби және жоғары білім алу үшін ақша жинай алады.

Аталған жүйе ата-аналарға бала туғаннан кейін оның білім алуына ақы төлеу үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді. Қазақстанның кез келген азаматы екінші деңгейдегі банктерде өз атына немесе баланың атына білім беру салымын аша алады және жыл сайын мемлекеттен сыйлықақы алуына болады. Осылайша, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің барлық салымшылары үшін мемлекет оның білім алуына жұмсалатын шығыстардың бір бөлігін өзіне алады.

Бүгінгі күні Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі салымшыларға осы жүйеге қатысу мүмкіндігімен арнайы білім беру салымдарын ашуды ұсынатын екінші деңгейдегі банктер арқылы ғана жұмыс істейді. Алайда, осындай өнімдерді жинақтаушы сақтандыру шеңберінде өмірді сақтандыру компаниялары да ұсына алады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, оқуға қаражат жинақтау өмірді сақтандыру компанияларының классикалық өнімдерінің бірі болып табылады. Мысалы, АҚШ-та және Еуропа елдерінде балалардың білім алуына қаражат жинақтаудың ең танымал тәсілі – бұл сақтандыру компаниясының полисі.

Банк салымдары алдындағы жинақтаушы сақтандыру шарттарының негізгі артықшылықтары сақтандыру қорғанысының болуы және толық төлем кепілдігі болып табылады (банк салымы бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы 10 млн теңгені құрайды).

Мысалы, ата-ана болашақта өз баласының оқуына ақы төлеу мақсатында қаражат жинау үшін оның пайдасына банкте салым ашады. Бұл ретте ата-ана қайтыс болған немесе ол I, II топтағы мүгедектікті алған жағдайда депозитте жинақталған ақша баланың оқуына ақы төлеу үшін жетпей қалуы мүмкін. Алайда, ата-ана сақтандыру шартын жасаған жағдайда, балаға кез келген жағдайда сақтандыру шартында жазылған оқудың толық сомасы төленеді.

Өмірді сақтандыру компанияларының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуы азаматтарға қаражат жинақтау мүмкіндігін және олардың толық кепілдігін ғана емес, сондай-ақ сақтандыруды қорғауды ұсына отырып, банктік салымға балама болатын жаңа қаржы құралын жасайды.

Қазіргі уақытта өмірді сақтандыру компанияларының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу мәселесі қаржы нарығының қатысушыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен талқылануда. Осы бастамаларды іске асыру заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін мүмкін болады. Жаңалықтарды қадағалаңыз!

Fingramota.kz-мен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.