Елбасы Жолдауы

«Білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігі артады»

Written by Aray2005

Ержан Әмірбекұлы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры:

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –
Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ел халқына арнаған Жолдауында бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.
Меніңше, бұл тапсырмалардың тиянақты орындалуы адами капиталдың сапасына келіп тіреледі. Cәйкесінше ашықтық, адалдық, креативтілік тұрғысында қоғамға мүлтіксіз қызмет ететін адами капиталды қалыптастыру бүгінгі жоғары оқу орындарына артылып отырған маңызды міндет саналады. Бұл орайда білім беру бағдарламалары заман талабына сай жаңартылып, практикаға негізделген білім беру машықтары жасақталуы керек. Мемлекет басшысы ерекше назар аударған маман даярлаудың отандық жүйесінің еңбек нарығынан тыс қалуы мәселесі де біздің жіті назарымызда. Күні ертең біздің университет мамандарының жұмыссыз қалмауы үшін жоғары білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілермен бірлесе отырып сараптаудан өткізіп, мазмұны жағынан жаңартып отырмыз. Бәсекеге қабілетті, жаһандану үрдістеріне жауап бере алатын мамандардың жаңа буынын қалыптастыру – біздің тікелей міндетіміз. Сондықтан да біз білім беру ұйымы ретінде Президент Жолдауындағы басты нысанаға алынған тапсырмаларын орындауды толық жауапкершілікке аламыз.

ПІКІР