Бір жыл ішінде 5 791 жамбылдық коронавирустан сауығып шықты

0 18

Өткен 2020 жыл күллі әлем елдері үшін жұқпалы дертпен күрескен оқиғамен есте қалатын болды. Сол індеттің біздің елге енгеніне де 1 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында бүгінгі 10 наурызда облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 6073 жағдайы тіркелді. Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 533,4 құрады. Пневмонияның – 1686 жағдайы тіркелген (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 148,1). Тіркелген жағдайлардың ішінде 2899 науқас (47,7%) симптоммен, 3174 науқас (52,3%) симптомсыз. Солардың ішінде 5791 азамат сауығып шықты. КВИ-дан 64 жамбылдық азамат көз жұмған.

Бүгінде инфекциялық стационарда (1200 төсек орын) 285 адам (төсек орындар 24%-ға толтырылған), оның ішінде 28-і реанимацияда ем қабылдауда. Карантиндік стационарда 68 облыс тұрғыны жатыр.

Өткен 2020 жылдың 29 қаңтары мен 2021 жылдың 9 наурызы аралығында жалпы 316016 тұлға КВИ-ға зерттеуден өтіп, оның ішінде 6073-і оң нәтижелі, 309943-і теріс болып шыққан.

2020 жылдың 12 тамызында «Пандемияның 2-ші толқыны кезінде Жамбыл облысының тұрғындары арасында COVID-19-дың одан әрі таралуын алдын алу үшін қызметтер мен ведомстволардың іс-әрекеті туралы стратегиялық жоспары» облыс әкімімен бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес, ағымдағы жағдай бойынша облыстағы ауруханаларда 1200 инфекциялық төсек қоры, оның ішінде 145 реанимациялық төсек қоры, оған қоса 155 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар, жоспар бойынша індеттің эпидемиологиялық өршуіне байланысты орын алуы мүмкін 3 сценарийге сәйкес, Жасыл деңгей орын алғанда жұмылдырылатын төсек қоры 750-ге, оның ішінен реанимациялық төсектер 75-ке дейін ұлғайтылады. Сары деңгей орын алғанда төсек қоры 1 360-қа дейін, оның ішінен реанимациялық төсектердің саны 136 құрайтын болады. Қызыл деңгей орын алғанда Covid-19–бен ауыратын науқастарды емдеу үшін инфекциялық стационарлардағы төсек қоры жалпы 2530-ды, оның ішінде реанимациялық төсектердің саны 268-ді құрайтын болады.

Коронавирусқа шалдыққан науқастарды сауықтыру мақсатында, реабилитацияның 3-кезеңі бойынша «Атлетик» спорт кешенінен 120 орынға арналған реабилитациялық орталық өз жұмысын атқаруда.

Қазіргі таңда облысымызда COVID-19 инфекциясына полимеразды тізбекті реакция (ПТР) жүргізу арқылы тестілеу
9 зертханада өткізіледі. Жалпы облыс бойынша тәуліктік қуаттылық 2740-ты құрап отыр.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап 850 тұлға вакцинациядан өтті.

Облыста індетпен күрес барысында өзіне жұқтырған 283 медициналық қызметкерге өтемақы төленді. Оның ішіндегі 271-і 2 миллион теңге, 12 қызметкер осы індеттен қайтыс болған, олардың отбасына 10 миллион теңге төленді.

Қосымша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тізіміне енбей қалған қайтыс болған 8 медициналық қызметкерлердің отбасыларына облыс әкімдігінің 2020 жылғы 16 қазандағы №236 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен 80 миллион теңге бөлініп, төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.