Қоғам

Бірлесе көтерген жүк жеңіл

Written by Aray2005

​Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың елдегі Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қоюы жөніндегі халыққа арналған Үндеуі барлық мәселені ашық, нақты айтуымен маңызды деп білемін. Қазіргі алыпқашпа әңгіме өрттей қаулап тұрған кезде халық шындықты біліп отыруы және мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмысты, әлі де сейіле қоймаған қауіпті дерттің салмағын шын жүрекпен сезінуі қажет.
​Қазіргідей сын сағатта Мемлекет басшысының «Тағы да қайталап айтамын: қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» деп айтуы көпшіліктің көңіліне сенім ұялатады. Бұл ретте елімізде көп жұмыс атқарылуда, Мемлекет басшысының сөзінде нақты мәліметтер мен алдағы уақыттағы міндеттер келтірілген.
​Бірақ біздің әрқайсымыз жауапкершіліктің екінші жағы бар екенін естен шығармауымыз керек. Б. Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген аталы сөзін есте сақтап, карантин шараларын қатаң басшылыққа алуымыз қажет-ақ.

​Сәмен ҚҰЛБАРАҚ,
филология ғылымдарының докторы,
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры, «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры

ПІКІР