Қазақстан халқы ассамблеясы

«Бірлік – береке бастауы»

Written by Aray2005

Мухаббат Турдыева,
облыстық Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы:

– Бұл мереке баршамыз үшін ерекше маңызға ие. Біз өз еліміз бен ертеңгі күнге деген сенімділік үшін ұлттық бірлікті сақтаудың маңыздылығына тағы да көз жеткізіп отырмыз. Барлық этностардың келісімін негізге алып отырған қазақстандық жол – ұлттық табыстың шынайы эталоны болып табылады. Біздің еліміз барлық әлемдік қауымдастыққа достық пен бірліктің үлгісін көрсетіп отыр.
«Береке бастауы – бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін алынбайтын қамал, бағынбайтын биік жоқ. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде қашанда нәтижелі істер оңға басатыны белгілі. Осы орайда барша жамбылдықтарды айтулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларына бақыт, шаңырақтарына шаттық тілеймін. Бірлігіміз бен теңдігіміз мәңгілік болғай!

ПІКІР