Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады?

0 2

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап БЖЗҚ уәкілетті оператор болып белгіленген банктерде ашылған салымшылардың арнайы шоттарына біржолғы зейнетақы төлемдерін аудара бастады.

Біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператор – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы арнайы шотқа түскеннен кейін алушы 45 жұмыс күні ішінде (Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану қағидаларының 13-тармағына сәйкес) уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды ұсынады.

Уәкілетті операторға растаушы құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, бұл қаражат салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуы тиіс.

Салымшы сұратқан зейнетақы жинақтарының сомасын БЖЗҚ уәкілетті оператордағы арнайы шотқа аударғаннан кейін 45 жұмыс күні ішінде бұл қаражаттың инвестициялық басқарудан алынатынына,  демек, оған инвестициялық табыстың есептелмейтініне назар аударғымыз келеді.

БЖЗҚ-ғы зейнетақы активтерінің 2020 жылғы жылдық табыстылығы 10,92%  құрады. Егер осы деректерді негізге алсақ, мәселен, 45 жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған біржолғы зейнетақы төлемінің  5,5 млн теңге мөлшеріндегі орташа сомасын уәкілетті оператордағы арнайы шоттан БЖЗҚ-ға аударғаннан кейін осы кезеңдегі салымшы толық алмаған инвестициялық табыс мөлшері шамамен 100 мың теңгені құрауы мүмкін.

Бұдан басқа, арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейін ескере отырып, олардың сақталуы бойынша мемлекеттің заңда көзделген кепілдігі қолданылмайды. Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларынан салымшы таңдаған және оның өтінішінде көрсетілген тәсілге сәйкес жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу және ұстап қалу жүргізіледі.

Осыған орай, БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару, инвестициялық табыс пен мемлекет кепілдігін жоғалту, сондай-ақ, ЖТС-ты мерзімінен бұрын есептеу жағдайларын болдырмау үшін салымшыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды жауапкершілікпен әрі мұқият жоспарлауды ұсынамыз. Зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін өтінім бергенге дейін мұқият зерделеп, оларды уәкілетті операторға уақытылы ұсынуды қамтамасыз еткен жөн.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.