Біржолғы зейнетақы төлемін қанша қазақстандық алды?

0 11

Ел тұрғындары тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 350 миллиард теңге көлемінде біржолғы зейнетақы төлемін алған. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеді. 2021 жылдың 10 ақпанындағы жағдай бойынша уәкілетті операторлардан («Отбасы банк» және «Қазақстан Халық банкі») тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 104 076 өтініш түскен.
«Оның ішінде 36,8 млрд теңгеден аса сомаға 6 824 өтініш уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарға кейіннен төлемдер жасау үшін өңделуде. Заң талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 32 870 өтініш қабылданбады. Жалпы сомасы 350 млрд теңгеге 64 382 өтініш орындалды, аталған сома уәкілетті операторларға аударылып, өтініш берушілердің арнайы шоттарына есептелді. Төлемдердің орташа сомасы шамамен 5,4 млн теңге» делінген БЖЗҚ хабарламасында.
Біржолы зейнетақы төлемін алу бойынша қазіргі кезде Алматы қаласы көш бастап келе жатыр. оларға алынған бүкіл қаржының 20,6 пайызы тиесілі болса, екінші орындағы Нұр-Сұлтан қаласына 16,7, үшінші орындағы Маңғыстау облысына 14,6 пайыз тиесілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.