Биыл 8800 тұрғын үй қарызы беріледі

0 9

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жыл ішінде 163 мың тұрғынжай салуды жоспарлапты. Соның арқасында биыл қазақстандықтарға 8 800 жеңілдетілген тұрғын үй қарызы берілетін көрінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері туралы баяндама жасаған министр Бейбіт Атамқұлов айтқан. Министрдің айтуынша, былтыр республика бойынша 15 ммиооион 300 мың шаршы метр тұрғын үй салыныпты. 140 мыңнан астам тұрғынжай пайдалануға берілген. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар бұрнағы жылғымен салыстырғанда 33,6 пайызға өсіп, 2 триллион теңгені құрапты. Мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестициялар тартылған. 38 400 отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілген. Оның ішінде 28 әлеуеметтік тұғын үй түрінде және 10 400 жеңілдетілген займдар беріліпті.
Биыл қаржыландырудың барлық көздерінен 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл – 163 мың тұрғынжай. Мемлекеттік нвестициялар есебінен кезекте тұрған 31 300 адамды қолдаумен қамту жоспарлануда. 22 500 әлеуметтік тұрғынжай салынып, сатып алынады және кезекте тұрғандарға 8 800 жеңілдетілген қарыздар беріледі, – дейді Б.Атамқұлов.

inbusiness.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.