Биыл аймақта 238 мың оқушы мектеп бітірді

0 5

Биылғы оқу жылының өзі карантинге байланысты онлайн форматқа көшкеніндей, соңғы қоңырау салтанаты да өзгеше өтті. Тек бітіруші 9, 11-сынып оқушыларына ғана дәстүрлі түрде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Ал қалған сынып оқушылары жазғы каникулға шығу рәсімін онлайн форматта өткізді.

Облыста биыл 238 мыңнан астам оқушы мектепті аяқтады. Олардың 11 мыңнан астамы 11-сынып түлектері болса, 20 мыңға жуығы 9-сынып оқушылары. Оның ішінде 518 түлек «Алтын белгіге» және 508 түлек үздік аттестатқа үміткер.
Бітіруші сыныптар қатысқан соңғы қоңырау салтанаты мектеп аумағында ашық алаңда санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Жиынға мектеп бітірушілердің ата-аналары мен заңды өкілінің тек біреуі ғана бетперде режимін және 1,5 метрден кем емес арақашықтықты сақтау арқылы қатысты.
Оқу жылының қорытынды­сында халықаралық, республи­калық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысқан 107 оқушы жеңімпаз атанды. TIMSS халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша
4, 8-сынып оқушылары республика бойынша жоғарғы көрсеткішпен
І орынды иеленді. Олимпиаданың республикалық кезеңіне облыстан 79 оқушы қатысып, 35 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Облыс құрамасы 12-рет «Ең үздік олимпиадалық команда» атанды.
Өңірдің 8 мектебі «100 үздік мектептің» қатарына енді.
Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» атағын иеленді.

«ARAI»-ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.