Жамбыл жаңалықтары

Биыл облыста «Нұрлы жер» бойынша 27 тұрғын үй тапсырылмақ

Written by Aray2005

Биыл Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 27 тұрғын үй тапсырылуы тиіс.

Бұл 2000-ға жуық тұрғынды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Қазір Тараз қаласындағы 555 пәтер «7-20-25» бағдарламасы аясында азаматтарға ұсынылып отыр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, екінші деңгейлі банктерге 90 адам өтініш білдіріп, оның 51-іне несие рәсімделген.

Өңірде баспананың көптеп салынуына мемлекеттік  бағдарламалардың қосып отырған үлесі қомақты. Мәселен, былтырдың өзінде тұрғын үй құрылысына 7 миллиард теңге қаржы жұмсалып, 440 мың шаршы метр үй бой көтерген.

— Биылғы жылы облысымызда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 27 тұрғын үй тапсырылуы жоспарланып отыр.Оның 21-і несиелік үй болса, алтауы арендалық тұрғын үйлер. Нәтижесінде 108339 шаршы метр құрайтын 1970 пәтер тапсырылуы жоспарланып отыр, – дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров.

24.kz

ПІКІР