Жамбыл жаңалықтары

Биыл «Тамды» суару жүйесі қалыпқа келтірілмек

Written by Aray2005

Талас ауданында егістік алқаптарын суаруға арналған бетон лотоктар жүйесі қалыпқа келтірілмек. Бұл туралы аудан әкімі Досмаханбет Алиев Өңірлік коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифинг барысында мәлімдеді.

– Тамды ауылдық округінде орналасқан «Тамды» темір бетон (лоток) жүйесін (6,1 шақырым) ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 35 млн. теңге бөлінге. Жалпы, жоба құны 70,0 млн. теңгені құрайды.

 Бұдан бөлек, Тамды темірбетон лотоктар жүйесін механикалық отряд арқылы қайта қалпына келтіру ұсынылды. Бұл массив «Тамды», «Жартас», «Мыңшұқыр» су қоймаларынан су жеткізеді. Лоток жүйесі арқылы суарылатын алқап 1200 гектар.

Бүгінгі күнге нақты суарылатыны 300 га. Осы массивті қалпына келтірілген жағдайда игерілмеген 800 гектарға, қосымша 150-200 га қосылып, жалпы 1100-1300 гектар алқапты толығымен және уақытылы сумен қамтуға болады.

Сонымен қатар, аудандағы сорланған суармалы жерлерге 1500 тонна  фосфогипсін алу жоспарланған. Бүгінгі күнге «КазФосфат» ЖШС-мен 2146 тоннаға келісім-шарт жасалынып, оның 505 тоннасы тасымалданды (33,6 пайыз). Алдағы уақытта бекітілген кестеге байланысты тасымалданатын болады.

ПІКІР