Қоғам

Биыл…

Written by Aray2005

• Қазақстан Республикасында алдағы күзде халық санағы өтеді.
• Әлемдік сауда ұйымының Министрлер конференциясы Астанада өтеді.
• Жамбыл облысының құрылғанына –
80 жыл (14.10.1939 ж.).
• «Нұр Отан» партиясына – 20 жыл (1.03.1999 ж.).
• Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының құрылғанына – 25 жыл (наурыз, 1994 ж.).
• Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейіне – 15 жыл.
• Ұлы Отан соғысындағы Ленинград блокадасының аяқталғанына –75 жыл (08.09.1941-27.01.1944 ж.).
• Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 30 жыл (1979-
20 ақпан 1989 ж.).
• «Egemen Qazaqstan» газетіне – 100 жыл (17.12.1919 ж.).
• «Знамя труда» газетіне – 100 жыл (тамыз, 1919 ж.).
• «Талас тынысы» газетіне – 85 жыл
(1 қазан, 1934 ж.).
• Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрына – 85 жыл (1934 жылы ашылған, 1945 жылы Абай аты берілген).
• Облыстық «Qazaqstan-Taraz» телеарнасына – 30 жыл (1 қараша, 1985 ж.
Эфирге 5 қарашада, «тікелей эфирге»
7 қараша күні Орталық алаңнан шыққан).
• «Казфосфат» ЖШС-нің құрылғанына –
20 жыл (1999 ж.).
• Түрік диаспорасының Қазақстанға келгеніне –75 жыл (1944 ж.).
• Өзбек этномәдени орталығының құрылғанына – 30 жыл (1989 ж.).
• Поляк этномәдени орталығының құрылғанына – 20 жыл (19.02.1999 ж.).
• Қазақ-түрік дарынды қыздар лицейінің ашылғанына – 25 жыл (1994 ж.).
• Аңырақай шайқасына – 290 жыл (1729 ж. Кейбір тарихи деректер бойынша 1730 ж.).
• Қарабура әулиенің туғанына (шамамен) – 915 жыл (1104-1174 (1184) Қожа Ахмет Ясауидің замандасы болған.
• Әйгілі тарихшы, әдебиетші, ғұлама ғалым М.Х.Дулатидің туғанына – 520 жыл (Мырза Мұхаммед Хайдар) (1499-1551 ж.ж.,Ташкентте туған. Кашмирде қайтыс болып, сонда жерленген).
• Әйтеке бидің (Бәйбекұлы) туғанына –
375 жыл (1644-1700 ж.ж.).
• Есет батыр Көкіұлының туғанына – 350 жыл (1669-1756 ж.ж.).
• Өтеген батырдың туғанына – 320 жыл (1699-1773 ж.ж.).
• Байзақ датқаның (Мәмбетұлы) туғанына – 230 жыл (1789-1864 ж.ж).
• Қарасай батырдың туғанына – 430 жыл (1589-1671 ж.ж.).
• Ақкөз батырдың туғанына – 160 жыл (1859-1921 ж.ж).
• Әнші, композитор, халық ақыны Кенен Әзірбаевтың туғанына – 135 жыл (22.06.1884-12.04.1976 ж.).
• Алаштың ардақты ұлы, қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, арда сөздің зергері Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына – 130 жыл (1889-1931 ж.ж).
• Алаш арысы, дауылпаз ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына –125 жыл (18.10.1894-25.02.1938 ж.).
• Алаштың ардақты ұлы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына – 125 жыл (26.12.1894-10.02.1938 ж.).
• Алаш арысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш профессор Санжар Сейітжапарұлы Асфандияровтың туғанына – 130 жыл (20.10.1889-25.02.1938ж.).
• Алаш арысы Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938 ж.ж.).
• Алаш арысы Ілияс Жансүгіровтың туғанына – 125 жыл (1894-1938 ж.ж.).
• Геолог-ғалым, ҚССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қаныш (Ғабдулғани) Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына –120 жыл (12.04.1899-31.01.1964 ж.).
• Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, археолог-ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына – 115 жыл (10.05.1904-12.01.1985 ж.).
• КСРО Халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының толық мүшесі Орал Таңсықбаевтың туғанына –115 жыл (14.01.1904-Ташкент 18.04.1974ж., Нүкіс).
• Ұлттық театр өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі, Қазақ ССР-інің халық артисі (1931 жыл), талантты театр және кино актері Елубай Өмірзақовтың туғанына –
120 жыл (31.01.1899-02.04.1974 ж.).
• Қазақтың тұңғыш журналисі, публицист, ақын, «Айқап» журналының редакторы Мұхаметжан Сералиннің қайтыс болғанына – 90 жыл (1872-8.10.1929 ж.).
• КСРО халық артисі, актер, режиссер Шәкен Аймановтың туғанына – 105 жыл (15.02.1914-23.12.1970 ж.).
• Қазақстанның халық артисі (1965 жыл), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1967 жыл), театр және кино саңлағы Әмина Ерқожақызы Өмірзақованың туғанына – 100 жыл (8.03.1919 —
26.09.2006 ж.). Ә.Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО шеңберінде тойлануы жоспарлануда.
• Филолог-ғалым, ҰОС ардагері, қазақтың шешендік сөздерін тұңғыш жинастырушы Балтабай Адамбаевтың туғанына – 100 жыл (24.09.1919-12.10.1990 ж.).
• Кеңес Одағының Батыры Саттар Естемісовтің туғанына – 100 жыл (1919-19.03.1943 ж., Шу ауданы).
• Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың туғанына – 95 жыл (15.06. 1924-14.01.1944 ж.).
• Жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың туғанына – 95 жыл (22.10.1924 ж., Қызылорда облысы,
Арал қаласы).
• Мемлекет және қоғам қайраткері Сейілхан Аққозиевтың туғанына – 90 жыл (7.10.1929-02.02.2009 ж.).
• Мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Ғайникен Айдарханқызы Бибатырова –
85 жаста (15 қазан 1934 ж.).
• Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың туғанына – 80 жыл (6.12.1939- 2015 ж.).
• Қоғам қайраткері, ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына – 80 жыл (25.12.1939 -24.01. 2014 ж.).
• Социалистік Еңбек Ері, КСРО халық артисі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова –
90 жаста (16.12.1929 ж.).
• «Шерхантану» орталығының ашылғанына –10 жыл (қыркүйек, 2009 ж.,
ТИГУ).
• Қазақстанның халық артисі Мақпал Жүнісова – 55 жаста ( 02.01. 1964 ж.).
• Мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді – 80 жаста
(15.04.1939 ж.).
• Жазушы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Әлдихан Қалдыбаевтың туғанына – 90 жыл (03.10.1939 -2015 ж.).
• Мемлекет және қоғам қайраткері Жиренше Қазбекұлы Бодановтың
туғанына – 90 жыл (15.11. 1929-2002 ж.).
• Композитор, күйші Әбдімомын Желдібаев – 80 жаста (5.09.1939 ж.).
• Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Марс Фазылұлы Үркімбаевтың туғанына – 80 жыл (23.11.1939-12.02.2012 ж.).
• Еңбек ардагері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Саттар Жанабілов –
80 жаста (1.03.1939ж.).
• Медицина ғылымдарының докторы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сейтхан Жошыбаев – 80 жаста
(9.06.1939 ж.).
• Мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Жандар Кәрібайұлы – 80 жаста (20.11.1939 ж.).
• Еңбек ардагері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сағынхан Әміреқұлов – 75 жаста (10.12.1944 ж.).
• Теміржол саласының ардагері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сағынбек Ақшалов – 75 жаста
(25.04.1944 ж.).
• Атақты волейболшы, КСРО, Еуропа чемпионы, КСРО құрама командасының мүшесі Жәнібек Сауранбаевтың туғанына –
80 жыл (1939 -24.10.2016 ж., қазіргі Қордай ауданы).
• Мемлекет және қоғам қайраткері Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаевтың туғанына – 70 жыл (10.06.1949-26.07.2012 ж.).
• Облыстық мәслихаттың хатшысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Бағлан Жиенәліұлы Қарашолақов – 70 жаста (7.09.1949 ж.).
• Таэквондадан әлем чемпионы Мұстафа Өзтүріктің туғанына – 65 жыл (1954-1994 ж.ж.).
• Еңбек ардагері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Амангелді Кәрентаев – 75 жаста (18.11.1944 ж.).
• Қоғам қайраткері, бокстан Азия конфедерациясының вице-президенті, еңбек сіңірген спорт шебері Серік Керімбекұлы Қонақбаев – 60 жаста (25.10.1959 ж.).
• ҚР Энергетика министрі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – 50 жаста (8.01.1969 ж.).

Дайындаған Қырғызәлі ТІЛЕУОВ

ПІКІР