Биылдан бастап жоғары оқу орындары жеке үлгідегі дипломдар береді

0 7

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов елімізде диплом беруде қандай өзгеріс болатынын айтты.

– ЖОО-ларға академиялық дербестік бекітілген, яғни оқу орындары дербес түрде өздерінің академиялық бағдарламасын әзірлеп, дипломдарын береді. Қазіргі кезде жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламасын айтырлықтай жылдам аша алады», – деді М. Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, ең басты талап ретінде бұл бағдарлама жұмыс берушілер сұранысына жауап беріп, білім сапасына сәйкес келуі керек. «2021 жылдан бастап ЖОО-лар жеке үлгісі бойынша диплом беретін болады. Бұл өз кезегінде академиялық дербестікті кеңейтуде үлкен қадам болып отыр. Осыған байланысты оқу орындары өз еркімен мұндай дипломның форматын, сондай-ақ оны табыстау жүйесін айқындайды», – деді вице-министр.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.