Биылғы халық санағы қалай өтеді?

0 29

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халық санағына дайындық мәселесі қаралды. Аталған мәселе бойынша облыстық статистика департаментінің бастығы Сырым Мәдиев баяндама жасады.

– 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өтеді. 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу жөнінде арнайы комиссия құрылды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов комиссияға төрағалық етеді.
Жалпы биыл халық санағы екі тәсілмен өтеді: дәстүрлі және онлайн режимде. Біріншісі sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізу, ол виртуалды көмекшінің көмегімен респонденттерге тұрғылықты жеріне қарамастан өздігінен санақтан өтуге және отбасы мүшелерінің санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік береді. Екіншісі – дәстүрлі, яғни қажетті санитарлық нормаларға сақтай отырып, үй-үйді аралап санақ жүргізу. Ол онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында өткізіледі…
Респонденттер арасындағы интернет-сауалнама 1-15 қазан аралығында өтсе, санақшылар үй-үйді 1-30 қазан аралығында аралайды, – деген Сырым Мәдиев жамбылдықтарға жауапты науқанға белсене қатысуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.