Біздің міндет – халыққа қызмет

0 18

Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.

Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.

Жер қатынастары саласында бүгінде халыққа 10 мемлекеттік қызметтер көрсетілуде.

Дегенмен, мемлекеттік қызметте қағаз бастылықтан арыла алмай келе жатқанымыз рас. Осыған байланысты Елбасы халыққа арнаған Жолдауында ең әуелі рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту керектігіне тоқталды. Электронды үкіметті дамыту, халықтың ком­пьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептейміз.

Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапа­сы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиім­ділігінің басты көрсет­кіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау; Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату; Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату; Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу; Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу; Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер облыс әкімінің www.zhambyl.gov.kz және Басқарманың www.uzo-zhambyl.kz ресми сайттарында орналастырылған.

Аталған мемлекеттік қызмет түрлерін қызметті берушінің кеңсесінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» (ХҚКО) және www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.

 А.Коканов, 

облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.