Бизнесті дамытудың берері мол

0 1

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазақстанның Халық банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованы қабылдады. Кездесу барысында облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің қосып отырған сүбелі үлесіне тоқталды. Әсіресе қаржы институттарының қолдауы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына оң септігін тигізіп отырғанын айрықша атап өтті.

– Жақында халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумын өткіздік. Сонымен қатар көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында «Food Fest Taraz» фестивалін ұйымдастырдық. Бұрынғыдай емес, қазір көпшілік бизнес бастаудың тиімділігін түсінді. Ендігі кезекте біз жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Бұл тұрғыда «Қазақстанның Халық банкі» де аянып қалмайтындығы сөзсіз. Әсіресе ауылдағы ағайынмен көп жұмыс істеу керек. Шалғай аймақтардағы үлкен мәселе – жылжымайтын мүліктер кепілзат ретінде бағаланбайды. Осы түйткіл реттелсе, ауыл адамдарына жақсы жеңілдік болар еді. Біз алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасайтын боламыз, – деді өңір басшысы.
Қабылдау барысында Үміт Болатханқызы банктің алға қойған мақсаттары мен жарқын жобаларын тілге тиек етіп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға басымдық берілетінін жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.