Бизнесті қорғау – басты назарда

0 10

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары, егер сіз тексеруші органдардың қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз немесе сізден құжаттар сұрап жатса мына телефон нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 54-39-55, ол бойынша ексерушілердің әрекеттерінің заңдылығы бойынша ақпарат алуға болады.

Сонымен қатар, тексеру тағайындалған кез келген кәсіпкер www.qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінде тиісті жолға акт нөмірін енгізу арқылы тексерудің заңдылығын тексере алады. Сол жерде органның атауы, тексеру кезеңі, тексеруші тұлға туралы деректер шығады. Егер ақпарат болмаса, онда тексеру прокуратура органдарында тіркелмеген, яғни ол – заңсыз.

Сонымен қатар бүгінгі таңда елімізде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Qamqor» мобильді қосымшасы қызмет атқарады.

«Qamqor» қосымшасы бизнесті қорғауға және оған жәрдемдесуге бағытталған. Сонымен, кәсіпкердің ұялы телефонына алдағы тексеру туралы Puch-хабарлама келеді, онда тексеруге қатысатын адамдар, мерзімдері, негіздері, тексеру тақырыбы көрсетілген.

Осы қосымшаның көмегімен кәсіпкерлер QR-кодты сканерлеу арқылы тексеруді не профилактикалық бақылауды тағайындау туралы электрондық актінің дұрыстығын тексере алады, кәсіпкерлердің жиі қойылатын сұрақтарына жауаптарды көре алады.

Қосымшада прокуратура органдарына онлайн режимде шағым жолдаудың функционалы көзделгенін атап өткен жөн.

А.Р. Алимжанов,

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндег Комитетінің Жамбыл облысы

бойынша басқармасы бөлімінің аға прокуроры

Leave A Reply

Your email address will not be published.