Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді

0 3

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы БАӘ-де өткен Азия чемпионатында медальдар есебінде үздік болды. Қазақстандық спортшылар он салмақтың сегізінде бірінші орын алды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанға алғашқы алтын медальді Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін) әкелді, кейін Назым Қызайбай (51 келіге дейін) финалда жеңді.

Дина Жоламан (54 келіге дейін) ел қоржынына үшінші «алтынды» салды, ал Владислава Кухта (57 келіге дейін) күміс медаль еншіледі.

Тағы бір алтын медальді Римма Волосенко (60 келіге дейін) жеңіп алды, ол жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

64 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Милана Сафронова да жеңіске жетті. Құрамадағы әріптестерінің жетістігін Валентина Хальзова да (69 келіге дейінгі) қайталады.

Жоғары мәртебелі тағы екі медальді ауыр салмақтағы спортшылар жеңіп алды. Фариза Шолтай 81 келіге дейінгі салмақта чемпион атанса, кейін Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) өз салмағында топ жарды.

Қалған екі алтынды Өзбекстан мен Үндістан спортшылары бөлісті.

Бүгін, 31 мамырда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалында алты қазақстандық спортшы сынға түседі.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.