Қазақстан халқы ассамблеясы

Болашағымыз бағдарланатын мезет

Written by Aray2005

Абдурахман ЗАЙНУТДИНОВ,
өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Қазақстан халқына арнаған Үндеуін ерекше үміт, зор құрметпен қабылдадым. Және өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлының Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысын қос қолдап қолдадым. Себебі бүгін жасайтын істі ертеңге қалдырудың қажеті жоқ. Қазір біз бәрі бір мезетте өзгеруі мүмкін аумалы-төкпелі заманда өмір сүріп жатырмыз. Күні ертең мемлекетімізді не күтіп тұрғанын болжау қиын. Сондықтан егеменді еліміз уақыт оздырмай, жаңа президентті сайлап алғаны дұрыс. Бұл тәуелсіз Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын айқындап қана қоймай, кемел келешекке баянды жол салатыны анық.
Бұл ретте алда келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының алар орны ерек деп есептеймін. Өйткені аталған жиында бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан ұлттар мен ұлыстар өз таңдауы мен үнін жеткізе алады. Сондай-ақ ел тарихындағы айтулы оқиға – Президент сайлауы алдындағы мақсаттар мен міндеттер пысықталмақ. Бірлігі бекем мемлекетіміздің қазығын қаққан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатын одан әрі жүргізудің жаңа стратегиялық жолдары айқындалады. Сондықтан алдағы сессия жұмысынан күтеріміз көп. Бұл мемлекет тарихындағы тұрақтылық пен ынтымаққа бағытталған кезең болғалы тұр. Бұл сіз бен біздің болашағымыз бағдарланатын мезет.

ПІКІР