Жастар.kz РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

«Болашаққа бағдар» көшпелі керуені Талас ауданына барды

Written by Aray2005

Қаратау қаласының Орталық алаңында аудан жастарын ақпараттандыруға бағытталған облыстық «Болашаққа бағдар» көшпелі керуені өтті.

Жиын барысында жастарға түрлі сала аясындағы мәселелер бойынша тиісті уәкілетті органдармен кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәселелерін шешу, кеңес беру алаңы құрылды. Сондай-ақ, аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамыту мен жемқорлық мәселесін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы шешу жолдарын түсіндіріп, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын жеткізу жұмыстары жүргізілді.

Облыс әкімдігінің басқармалары, Талас ауданы әкімдігінің бөлімдері мен мекемелері, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисі аудандағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру, көрсетілген бағыттар шеңберінде және өзге де маңызды мәселелер бойынша түсіндіру шараларын өткізді.

Көшпелі керуен бүгін Ақкөл мен Бостандық ауылдарында, ал 29 мамыр Ойық ауылында өз жалғасын табады.

ПІКІР