"Заң және біз"

Браконьер балықшылар қолға түсті

Written by Aray2005

Облыста өтіп жатқан «НЕРЕСТ» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторларымен бірлесіп, Аса өзенінен заңсыз балық аулаған екі азаматты ұстады. Олар су жануарларын жаппай жоятын, заңмен тыйым салынған тоқ арқылы жұмыс жасайтын қармақты пайдалана отырып, балық аулаған. Жалпы салмағы 177 келі болатын балық, резеңке қайық және арнайы қолдан жасалған электрлі қармақ  тәркіленді.

Қазіргі таңда Жамбыл ауданының полиция бөлімімен ҚР ҚК 335-бабы 3-бөлігі 2,4-тармақшаларымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі

ПІКІР