Қоғам

Бұл күн де артта қалатыны сөзсіз

Written by Aray2005

Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті мәлімдемесінде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылатынын жеткізді. Аты жаман індетті ауызбіршіліктің арқасында ел болып еңсеретінімізді, сын сағатта сабырлылық танытып, аса қажеттілік туындамаса үйден шықпаудың жөн екендігін тағы да қадап айтты. Айымыз оңынан туғаны болар, елдің шыдамы шегіне жетеді-ау дегенде Рамазан айының басталуымен елдің сабырлылығы артып, Қасиетті айда барынша сабыр сақтауда. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы елге көрсетілетін көмектің, яғни 42500 теңгенің тиесілі адамдарға автоматты түрде келесі айда түсетінін, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакетінің үлестірілетінін де атап өтті. Алдағы уақытта бірқатар кәсіпорындар, мекемелер жұмыстарын бастайтын болады. Оңтайлы жүйенің арқасында ауруды ушықтырмай, дер кезінде жасалған жүйелі жоспардың арқасында асықынбай отыр. Дәл осы қалыптан таймасақ, қатерлі індетке тосқауыл қоя аламыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші бұл күн де артта қалатыны сөзсіз.

Әбдімомын Желдібаев
күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері

ПІКІР