БҰҰ Газадағы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады

0 0

Біріккен Ұлттар Ұйымы Газадағы жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасады.

«38 мыңнан астам палестиналық бас сауғалап Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығындағы 48 мектепке орналастырылды. 2,5 мыңнан астам адамның үйі қирап, мүлде баспанасыз қалды. 41 білім беру орны, 2 балабақша, Біріккен Ұлттар Ұйымының палестиналық босқындарға көмек беру агенттігінің кәсіптік орталығы мен жоғары білім беру мекемесі қирады. Газаға электр жарығын беру күніне 8 сағаттан 6 сағатқа қысқарды. Денсаулық сақтау, су беру жүйелеріне, кәріз құбырларына зақым келді», деді БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик.

Айта кетейік, Associated Press агенттігінің мәліметінше, еврей әскерінің әуе шабуылдарынан қаза тапқандар саны 212 адамға жетті. Құрбандар арасында 61 бала мен 36 әйел бар. Тағы 1400-ден астамы жарақат алған. Ал ХАМАС атқылаған зымырандардан 10 израильдік ажал құшқан.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.