БЖЗҚ салымшыларына фишингтік шабуыл жасалып жатыр

0 2

Президенттің тапсырмасымен биылдан бастап Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорындағы жиналған қаражаттың бір бөлігін қазақстандықтар нақты мақсаттарға жұмсауға мүмкіндік алған болатын.
Алайда БЖЗҚ өз салымшыларының алаяқтардың фишингтік шабуылдарына ұшырағандары туралы хабарлады. Яғни алаяқтар көпшілік біле бермейтін күдікті сайттардың сілметелерін тіркеп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігін хабарлап үлгерген.
Аталған Қор алаяқтар таратқандай «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы (қазіргі «Отбасы банкі» АҚ) арнайы шотқа аудару туралы» деген мазмұндағы хабарламаларды ешқашан ешкімге жібермейтіндерін ресми түрде мәлімдеді.
Дәл қазір цифрландыру саясаты, элекрондық үкімет жүйесіндегі реформалық өзгерістердің кей тетігін біреу білсе, біреу әлі толық үсіне алмай жүр. Бұл әрине, тиісті ақпараттың, насихаттың аздығынан.
Сол себепті Қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеу керектігін қатаң ескертіп отыр. Керек ақпараттарды тек БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайты және уәкілетті операторлар болып есептелетін банктердің интернет-ресурстарынан ғана нақтылап, тексеру қажеттігін құлағдар етіп отыр.
Фишингтік шабуыл арқылы ғаламтор алаяқтары пайдаланушылардың құпия деректері – логиндер мен парольдерге қол жеткізе алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.