Camry XV70-дің қытайлық нұсқасы сатылымға шығады

0 12

Camry XV70 көлігінің қытайлық нұсқасы ақпан айының соңында сатыла бастайды деп хабарлайды kolesa.kz сайты.
Toyota Camry XV70 бірнеше нарықта, соның ішінде АҚШ, Еуропа және Жапонияда жаңартудан өткен. Бәріндегі өзгеріс бірдей. Бірақ қытайлық нұсқадағы XV70 басқалардан өзгеше болып шықты. Әсіресе, оның салоны тамсануға тұрарлық. Қытайлық нұсқада 10,1 дюймді сенсорлық монитор қойылған. Мультимедиалық комплекс дауыспен басқарылады. Сонымен қатар саймандар панелі де цифрлық. Ал агрегаты өзгеріссіз қалған. Іштен жанатын қозғалтқышы 8 сатылы автоматпен жұптасады. Бензинді-электрлік нұсқасы вариатормен жұмыс істейді. Camry XV70-дің қытайлық нұсқасы 2021 жылы ақпанның соңында сатылымға шығады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.