Чекті неге кез-келген жерге тастауға болмайды?

0 29

Чек – сатып алушының ақшалай есеп айырысу жүргізгенін растайтын ресми құжат.
Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева чектің маңызын түсіндіріп, оны неге кез келген жерде тастамауға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Маман қазақстандықтар дүкенде затты сатып алып, оның чегін кассада тастап кететінін айтады. Оның пікірінше, бұлай істеуге болмайды.
«Өкінішке қарай, кейде сатып алған тауардың сапасы көңіл көншітпейді. Тауар талапқа сай келмеуі немесе мерзімі өтіп кетуі мүмкін. Ал тұрғын дүкенге бұл тауарды қайтарайын десе – қолында дәлелдейтін құжаты болмайды. Осындай жағдай болмас үшін бақылау-касса машинасының чегін талап ету өте маңызды. Себебі тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат (чек – автор) сақталса, оны айырбастауға немесе қайтаруға болады», – дейді ол.
Айнұр Сартаева тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат – фискалды чек екенін атап өтті. Ол тұрғындар чекті талап ете отырып, өзінің тұтынушылық құқығын қорғай алатынын жеткізді.
Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары. Маман сатушы чекті бермесе, қайда шағымдануға болатынын айтты. «Сатушы чек бермесе, бұл жағдайды видеоға түсіріп, Wipon мобильді қосымшасы арқылы Мемлекеттік кірістер органына жібере аласыз. Факт расталса, тұрғынның ұялы телефонына 1 мың теңге көлемінде теңгерім аударылады», – дейді Сартаева.

Басқарма басшысының орынбасары тұрғындарға чекті кез келген жерде тастамауға және бейтаныс адамға неге бермеу керегін түсіндіріп: «Кейбір сатып алушы «чектің қажеті жоқ» деп оны кез келген жерге тастап кетеді. Олай істеу болмайды. Мысалы, бейтаныс адам сатып алушыдан «дүкендегі акцияға қатысамын» деп чек сұрауы мүмкін. Бір қарағанда ерсі ештеңе жоқ. Дегенмен, тұтынушыларға сақ болуға кеңес береміз. Өйткені алаяқтар осы чекті басқа да мақсатқа пайдаланады», – деді. Оның айтуынша, алаяқ чекті алған соң, сол дүкенге қайтадан келуі мүмкін. «Ол дүкен сөресіндегі заттың белгісін немесе магниттік қыстырғышын жұлып алып, дүкеннен шығып кетуі ықтимал. Ал күзетші чекті сұраса, ол әлгі чекті көрсете салады.

Дәурен Ерболат

inbusiness.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.