Челлендж жеңімпазы – Анжелика

0 1

Полиция майоры Анжелика Пронинаның #Тілгеқұрметелгеқұрмет хештегімен «Мен қазақша сөйлеймін» челленджін бастағанынан көпшілік хабардар. Тәртіп сақшысы өзінің бейнеролигінде қазақ тілін қалай меңгергендігін айтып, мемлекеттік тілге өз құрметі мен ықыласын көрсетті. Осы бастаманы облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы қолдап, үздік бейнероликке байқау жариялаған болатын.

Эстафетаны барлық аудандардың және Тараз қаласының этнос өкілдері қабылдап, белсенді атсалысты.
Бір айдың өзінде Facebook пен Instagram желілерінде 71 бейнеролик орналастырылды. Эстафетаға оқушылар мен студенттердің белсенді қатысуы қуантты.
«Jambyl» телеарнасының журналисі Риналь Рахматуллин желі қолданушыларының ерекше ықыласына бөленді. «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының қызметкері Анна Баймаханова, Тараз сервис және технология колледж студенттері Александр Каст, Надежда Бауер, Анастасия Уржумова және Мадина Шайхиева, ТИГУ студенттері Карина Столярова мен Камал Мурадовқа және барлық қатысушыларға қазақ тіліне құрметі мен сүйіспеншіліктерін жеткізгені үшін алғысымыз шексіз.
Айта кету керек, челленджге қатысқан барлық бейнероликтер 11224 қаралым жинады.
Барлығы 6082 (Facebook-та 149, Instagram-да 5933) лүпіл жинаған полиция майоры Анжелика Пронина наурыз айының жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ байқаудың жылдың соңына дейін жалғасатынын еске саламыз. Челленджге өңіріміздің барша тұрғындарын қатысуға және қолдау көрсетуге шақырамыз! Facebook пен Instagram желілерінде ең көп лүпіл жинаған бейнероликтің авторын арнайы сыйлық күтуде. Жеңімпаздар ай сайын анықталады. Қатысушылар әлеуметтік желілерде өздерінің қатысқаны туралы хабарлау үшін #Тілгеқұрметелгеқұрмет хештегін қосулары қажет.

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.