Чемпионға лайықты құрмет

0 0

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттар партиясы облыстық филиалы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қазақстаннан шыққан тұңғыш Паралимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллинаны құттықтады.
Облыстық филиалдың төрағасы Ерболат Саурықов «Ауыл» ХДПП атынан арнайы сыйлық тапсырып, чемпионның деніне саулық, отбасына амандық, спорттағы жеңісті жорығы жалғаса беруіне тілектестік білдірді.
– Сіздің табандылығыз бен төзімділігіңіз, жеңіске деген құлшынысыңыз жастарға ғана емес, барша азаматтарға үлгі. Паралимпиадада Қазақстан қоржынына алғаш алтын сыйлаған спортшы ретінде есіміңіз егеменді еліміздің тарихында алтын әріппен жазылатыны анық, – деді Е.Саурықов.
Өз кезегінде Зульфия Раухатқызы көрсетілген сый-құрметке алғысын білдіріп, алдағы жоспарымен бөлісті.
– Сый-құрметтеріңізге алғысым шексіз. Үнемі назарға алып, көңіл бөлу – кез келген азаматқа серпін берері сөзсіз. Қазіргі кезде Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына қызу дайындық үстіндеміз.
Бұйырса еліміздің туын биік көтеріп, Әнұранымызды шырқатуға бар күшімді саламын, – деді З.Габидуллина.

Саятхан Сатылғанов

Leave A Reply

Your email address will not be published.