COVID-19: Қалыпты өмірге оралу үшін 7 жыл керек

0 26

     Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев экономикалық тұрғыдан коронавирус індетіне қатысты болжамын айтты. Оның сөзіне сенсек, әлем елдерінің кеселге қарсы вакцинаны сатып алу көрсеткішіне қарай халықтың қалыпты өмірге оралуына әлі 7 жыл керек екен.   

«Коронавирусқа қарсы вакцина егудің басталуына байланысты оптимизмге қарамастан, 2021 жылдың алғашқы айында әлі де жоғары белгісіздік сақталды. Вирустың жаңа штаммының таралуы және бірқатар елдерде вакциналық протекционизмнің күшеюі әлемдік экономиканың қалпына келу қарқынын тежеуде. Вакцина өндірісі мен бөлінуі біркелкі жүргізілмей отыр. Вакцинация қарқыны бойынша Израиль алдыңғы қатардағы ел. Онда халықтың 41,6 пайызы вакцинаның бір және одан да көп дозасын алды», – дейді төраға.

Маман  әлемнің ірі экономикаларында вакцинация деңгейі айтарлықтай төмен екенін алға тартып отыр. Мәселен  Ұлыбританияда – 20,2, Америка Құрама Штаттарында – 10,9, Еуроодақта – 2,9 пайыз ғана. Ал кейбір  елдер  вакцина егуді әлі  бастаған да жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.