COVID-19: Сақтанбасақ сан соғамыз

0 1

Облыста коронавирус инфекциясынан бір адам көз жұмды. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов баян етті.

Өңірдің бас дәрігерінің сөзіне сүйенсек, науқас 19 сәуір күні облыстық көп бейінді балалар ауруханасының жұқпалы аурулар блогына түскен екен. Ол дене қызуының +380С дейін көтерілуіне, қалтырау, әлсіздік, құрғақ жөтелге шағымданған.
– Стационарда науқас бактерияға, вирусқа қарсы, дезинтоксикациялық ем қабылдады. Пациентті емдеу тактикасы Нұр-Сұлтан қаласының коронавирустық инфекция бойынша жетекші мамандармен келісілді.
Науқастың жағдайы тыныс алу жетіспеушілігінің өсуі және интоксикациялық синдром есебінен нашарлаған. Ағымдағы жылдың 4 мамырында жүрек-өкпе реанимациясын жүргізгеннен кейін биологиялық өлім анықталды, – деді М.Жұманқұлов.
Марқұм 1959 жылы туған Павлодар облысының тұрғыны. Жамбыл өңіріне жеткенге дейін жүк көлігімен бірқатар мемлекеттерде болған. Алайда оның инфекция жұқтырғаны Қордай ауданындағы «Қарасу» өткізу бекетінде анықталған.
Азаматты жерлеу рәсімі барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап өткізілетін болады.
Соңғы ақпарат бойынша облыста 168 адам індет жұқтырған болса, оның 55-і жазылып шықты.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.