COVID вирусын шайға қосып, бастығына берген

0 38

Түркия мемлекетінде жаға ұстатар  жағдай орын алды. Көлік сататын автосалон маманы  коронавируспен ауырған адамның  сілекейін сатып алып, бастығының шайына қосып берген.

Төбе шашыңды тік тұрғызатын оқиғаны тарқатып айтсақ, автосалон иесі Ибрагим Унверди өз қызметкеріне автокөлікті сату бойынша мәміле жасау үшін 215 мың түрік лирасын (12,7 миллион теңгеден астам) берген. Алайда келесі күні қарамағындағы қызметкері бастығына қоңырау шалып, ақшаны несиесін төлеуге жұмсап тастағанын айтады.

Ашуға булыққан бастығына ақшаны қайтармау үшін күдікті коронавирус жұқтырған адамнан бір құты сілекейін  70 долларға сатып алып, оның  шайына араластырып берген.

Алайда Ибрагимді Құдай қағып,  ол шайды ішпеген. Вирус жұқтыра алмағаннан кейін қызметкері «Мен сені вируспен өлтіре алмадым, ал келесіде тура басыңнан атамын» деп хабарлама жолдаған.

Автосалон иесі полицияға арызданып,  күдікті  қамауға алынған. Оған  кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.