Цой коронавирусқа қарсы ревакцинацияның алдын ала мерзімін атады

0 0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы ревакцинацияның болжамды мерзімін атады

«Біз ревакцинацияны жоспарлап отырмыз. Қазір жолдарын анықтап жатырмыз. Ревакцинация екі түрге бөлінеді. Жедел ревакцинация – ұжымдық иммунитет алынғанға дейін жалпы – 60-70 пайыз. Жоспарлы ревакцинация. Бұл әдетте жылына бір рет жасалады. Қазір соны бөліп жатырмыз. Себебі, Қазақстан кейінірек, ақпаннан бастап вакцинацияны бастады. Негізгі масса маусым-шілдеде вакцина алды, антиденелер әлі де жаңа, деңгейі жоғары. Сондықтан, екінші дозаны алғаннан кейін шамамен 9 ай өткен соң, күнтізбеге енуі мүмкін, – деді Цой Telegram-дағы Coronavirus2020.kz-арнасы жариялаған видеода.

Ол мұны әріптестерімен талқылап, кейін ДДСҰ-мен кеңесетінін түсіндірді. Оның айтуынша, негізінен ревакцинация туралы вакцинацияны былтыр бастаған елдер – АҚШ, Израиль, Ресейде айтылған.

«Олар алғашқы вакцинаны алғаннан бері 9 айдан аса уақыт өтті. Қазақстанда ревакцинация ақпанның басында екпе алған азаматтар үшін қазанға қарай анағұрлым өзекті болады», – деп толықтырды министр.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.