Жамбыл жаңалықтары

Д. Алиев: 4 айда 2 млрд. 189 млн. 800 мың теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Written by Aray2005

Ағымдағы жылдың алғашқы 3 айында Талас ауданында 2 млрд. 189 млн. 800 мың теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Аталмыш көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 млн. теңгеге артқан. Бұл туралы аудан әкімі Досмаханбет Алиев Өңірлік коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифинг барысында мәлімдеді.

– Мал басы 2018 жылдың 4 айымен салыстырғанда: мүйізді ірі қара малы 31 016 басты құрап, 11,7 пайызға; қой-ешкі  494 279 басты құрап, 5,3 пайызға; жылқы 12 164 басты құрап, 16 пайызға; түйе 2 480 басты құрап 10,1 пайызға өсті.

Ет және сүт өнімдері бойынша, 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда ет 3 мың 234 тонна құрап, 2,7 пайызға, сүт 1 мың 726 тонна құрап, 3,1 пайызға, жұмыртқа 718 мың дана өндіріліп, 0,6 пайызға өсті, – деді аудан әкімі өз сөзінде.

ПІКІР