Жамбыл жаңалықтары

Д. Алиев: Әлеуметтік салаларға баса назар аударылуда

Written by Aray2005

Талас ауданында әлеуметтік салалардың дамуына үлкен көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы аудан әкімі Досмаханбет Алиев Өңірлік коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифинг барысында мәлімдеді.

Атап айтқанда, 2019 жылы денсаулық сақтау саласында Үшарал ауылдық округіндегі Арал, Қайыр елді мекендерінде және Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты Ақтөбе елді мекенінде 5 келішуге арналған медициналық пункттерді соғу жұмыстары жүргізілуде.

– Ал білім беру саласына келер болсақ, ауданда 1 жоғары оқу орны, 4 колледж, 35 мектеп, 24 балабақша, 16 шағын орталық, 5 мектептен тыс мекеме, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар.

2018 жылы Қаратау қаласында 275 орынға 4 жекеменшік балабақша ашылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 50 орындық жекеменшік балабақша ашылып, тағы бірін алдағы уақытта ашу жоспарлануда.

Ақкөл ауылындағы Ақкөл орта мектебіне контейнерлік блокты-модульдік қазандықты сатып алу және орнату жұмыстарына 24 млн. 280 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты  барлығы – 39 нысан тұрғындарға тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Былтырғы жылы тамызда аудандық орталық кітапханада «Коворкинг» орталығы ашылып, толыққанды жұмыс атқаруда.

2019 жылы Ақкөл ауылынан «Коворкинг» орталығын ашуға аудандық бюджеттен 1 млн. 700 мың теңге бөлініп, шілде айында ашу жоспарлануда, – деді аудан әкімі.

Сөзі барысында Д. Алиев аудандағы жастардың ахуалына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, жастар саны 13 мың 864 жасты немесе халық санының 25,1 пайызын құраған.

– Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында Жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» Жастар қанаты және 3 жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс атқарады.

Ауданға келген жастарды қолдау мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 4 айында 15 маманға көтерме жәрдемақы үшін 2 млн. 651 мың теңге және тұрғын үй сатып алу үшін  2 маманға 6 млн. 506  мың теңге несие берілді, – деді Д. Алиев баяндамасында.

ПІКІР