Жамбыл жаңалықтары

Д. Алиев: Ауданда жайылымдық жерлер жеткілікті

Written by Aray2005

Талас ауданында үстіміздегі жылдың 4 айында 12 құдық қазылып, жоспар 100 пайызға орындалған. Сонымен қатар, 12 күн сәулесінен қуат алатын қондырғылар орнатылды. Бұл туралы аудан әкімі Досмаханбет Алиев Өңірлік коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифинг барысында мәлімдеді.

– Ауданың жер көлемі 1 млн. 220 мың 562 гектар. Оның ішінде егістік жерлер 21 мың 439 гектар болса, оның ішінде суармалысы 12264 гектарды құрайды. Ал шабындық 22 мың 785, жайылымдық 414 мың 450 гектар жер бар.

– 2019 жылдың наурыз айында 1 конкурс өткізіліп 21 жер учаскесі, жер көлемі 9 667 гектар, оның ішінде 123,3 гектар суармалы егістік, 9543,7 гектар жайылым жер конкурс арқылы берілді және есепті мерзімде 2 аукцион өткізіліп 2,1 гектар жер учаскесі аукционға беріліп, жергілікті бюджетке түсетін қаржы 17 млн. 239 мың теңгені құрады, – дейді аудан әкімі.

ПІКІР